English version Russian version Armenian version Azerbaijan version Georgian version Kazakh version Turkish version Turkmenian version Ukrainian version
АМЕРИКАНДЫҚ ЕТ ИНДУСТРИЯСЫ

Ауыл шаруашылығы жалпы ұлттық өнімнің үш пайызынан астамын қамтамасыз ете отырып, Құрама Штаттардағы халық шаруашылығының ірі саласы болып табылады. АҚШ шамамен 17% жұмыс күші ауыл шаруашылығымен айналысады, басқаша айтқанда, әрбір алтыншы жұмыс орны фермамен байланысты. Барлық ауыл шаруашылық өнімнің 22% (37 миллиард доллар құрайды) шетелге шығарылады; оның 2,6 миллиард доллары – шетелге шығарылатын сиыр етінің, шошқа етінің, қой етінің және қосымша өнімдердің бағасы.

Құрама Штаттардың тамақ өнеркәсібі жыл сайын 427 миллиард доллар сомасына өнімдер өндіреді. Онымен 12 миллион қызметкер айналысады. Өндірістік процестің жоғарғы тиімділігі мен технологиялық жетілдіру американдық фермерлерге арзан өнімдерді шығаруға және тек өзінің ғана елін емес, сонымен қатар, белгілі дәрежеде, бүкіл әлемді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Орташа американдық фермермен өндірілген азық-түліктер 128 адамды азықтандыруға жеткілікті. Фермерлік өнімнің жоғарғы тиімділігі мен өзіндік құнның төмендігі Құрама Штаттардың ет индустриясына сиыр етін, шошқа етін және қой етін барлық планетаның тамақтанатын түстік үстеліне жеткізуіне мүмкіндік береді.

Тауық етін өндіру

Әр түрлі ет өнімдерінің ішінде, тауық – ең әйгілісі. Бұл таңқаларлық нәрсе емес, тауық протеиндерге, А және Е дәрумендеріне бай және калориясы едәуір төмен. Қалған ет өнімдеріне қарағанда оның құрамында май мен холестерин де аз. Құрама Штаттар әрбір жылы 14 миллион тоннадан астам құс етін (тауық, индейка, үйрек), 77 миллионға жуық табиғи жұмыртқа өндіреді. Өндірушілер өсіруден бастап дистрибьюция процесіне дейін -стандартқа сай жоғары сапаны ұстайды.

Негізінен, оңтүстік-шығыс жарты айында Делаверден Техасқа дейін шоғырланған, тауық етін өндіретін америка аймағында бройлерлерді жеке фермерлер өсіреді. Бидай, соя сияқты жоғары мөлшерлі протеині бар дәнмен семіртілген бройлерлер климат-бақылауы бар автоматтандырылған тауық қораларда 7 апта ішінде рынокқа шығарылатын қажетті көлемге жеткенге дейін өсіріледі. Құс фабрикаларында күн сайын санитарлық тазалау толық жүргізіледі. Американдық өндірушілердің көбісінің құс фабрикаларында жетілдірілген зерттеу зертханалары бар, сондай-ақ өз штатындағы университеттер мен зерттеу зертханаларында тығыз қарым-қатынас жасайды. Бұл көптеген фабрикалардың АҚШ Ауыл шаруашылығы Министрлігімен белгіленген жоғары стандартқа жетуіне мүмкіндік береді.

Сиыр етін өндіру

Ірі мүйізді малды өсіру – американдық ауыл шаруашылығы салаларының ең қуаттысы: миллионнан астам фермалар мен ранчолар ІММ өсіреді, базалық табынның өлшемі 100 миллион голдан асады.

Сиыр етін өндірушілерді негізгі үш санатқа бөлуге болады:

өнеркәсіптік табын қолдарында болатын, және семіртуге малды, сондай-ақ саулық басты өсіретін фермерлер мен ранчоның иелері;

Мал өсірушілер – операторлар – семіртер алдында қажетті бастапқы салмағын қосатындай төлді жайылымдарда ұстаушылар;

Семірту жөніндегі мамандар – мамандандырылған фермаларда малдарды семіртіп, оларды қасапханаға жіберумен айналысады.

Кез-келген сиыр етін өндіруге қатысушының қызметі қатаң бақылауда. Олардың мақсаты – соңғы өнімнің сапасын және қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Шошқа етін өндіру

Шошқа етін өндіру Құрама Штаттар экономикасының тіршіліктегі маңызды бөлігіне жатады. Американдық шошқа етін өндірушілер табысы малдарды өсірудің және бағудың алдыңғы қатарлы технологияларын тірек етеді, осының нәтижесінде жасық ет өнімдерін алады. 50-ші жылдарда өндірілген шошқа етімен салыстырғанда қазіргі жағдай бойынша майының аздығы 50% құрайды. Үдемелі сұрыптау жұмысы, қатаң реттелген семірту технологиясымен үйлесімді таңдаулы жүйелерін шығару сыртқы май қыртыстарының орташа қалыңдығын кемітті - 40-шы жылдардың басында 7,3 см қазіргі уақытта 2,8 см дейін. Американдық шошқаларды өткізудің едәуір табысты рыноктары – Жапония, Мексика, Канада және Кариб бассейні елдері.

Қой етін өндіру

Жас және кәрі малдардың қой етін өндіруде Құрама Штаттарда 100000 астам адам айналысады. Тауарлық табын шамамен 10 миллион бас деп есептеледі, ал жыл сайынғы өндіріс 151,36 миллион килограмнан асады. Американдық қой етінің едәуір дамыған рыноктары – Канада мен Мексика.

Құрама Штаттардың ет индустриясы жұмыс істейтін ережелер мен нұсқауларды дайындаумен ауыл шаруашылығы Министрлігі (USDA) айналысады. USDA еттің сапасын бақылау жүйесін қадағалауды, сондай-ақ майды сыртқа шығаруға қатысы бар барлық өңдеу кәсіпорындарын сертификаттауды және бағалауды жүзеге асырады.

ӨНІМДЕР

Құс еті мен қосымша өнімдер
(шауырмаға арналған тауықтар, тауық және үндік сан еті мен қанаты, тауық және үндік жартылай фабрикаттары)

Сиыр еті мен сиыр етінен қосымша өнімдер
(сиыр бауыры тұтасымен және кесілген, сиыр жүрегі, сиыр етінен жартылай фабрикаттар)

Шошқа еті және шошқа етінен қосымша өнімдер
(шошқа бауыры, «пикник» еті, шошқа етінен жартылай фабрикаттар)

Lamb
(shoulder, rib, loin, leg)

SJS USA, INC.
U.S. Headquarters
311 North Robertson Blvd., Suite 800, Beverly Hills, California 90211 U.S.A.

E-Voice: +1.323.395.0770
E-Fax: +1.323.395.0707