English version Russian version Armenian version Azerbaijan version Georgian version Kazakh version Turkish version Turkmenian version Ukrainian version
КОМПАНИЯЛАР ТУРАЛЫ

SJS USA Inc. - АҚШ, Калифорния штаты, Лос – Анжелес қаласында штаб-пәтері бар американдық корпорация. Корпорация қызметтерінің басты бағыты – өнеркәсіптік өңдеуге арналған, сондай-ақ халыққа бөлшектеп сатуға арналған тамақ өнімдерінің әр түрлі ассортиментін өндіру және шетелге шығару. 12 жылдан астам уақыт бойы SJS USA, Inc. Ресей, ТМД және Балтық елдерінің рыногына азық-түлік тауарларын жабдықтауға маманданған.

Сапаны бақылау, тез жабдықтау кепілдігі, АҚШ Ауыл Шаруашылығы Министрлігінің талаптарын және импортер елдердегі мемлекеттік органдар шешімдерін қатаң ұстау корпорацияның бірінші кезектегі міндеттері болып табылады. Корпорацияның өндіретін және сыртқа шығаратын өнімдерінің барлығы қажетті мал дәрігерлік және фитосанитарлық сертификаттары, шығу тегі мен сапа сертификаттары бар, ол біздің әріптестеріміздің жүктерге мал дәрігерлік және кедендік тазалауды тездетіп жүргізуін қамтамасыз етеді. Біздің АҚШтағы орысша сөйлейтін персоналымыз бен жер-жердегі өкілдеріміз біздің тапсырыс берушілерімізге қызмет көрсетуге әрқашан дайын.

SJS USA, Inc. экспорттық несиелер кепілдігі бойынша GSM-102/103 АҚШ федеральдық бағдарламаның тіркелген қатысушысы болып табылады.

SJS USA, Inc. Ресейге Санкт-Петербург қ. порт арқылы ай сайын және Поти қ. порт арқылы тоқсан сайын Закавказья елдеріне төмендегі азық-түлік тауарлары бар қатты тоңазытылған негізгі өнімдер топтарын жібереді:

Құс еті мен қосымша өнімдер
(шауырмаға арналған тауықтар, тауық және үндік сан еті мен қанаты, тауық және үндік жартылай фабрикаттары)

Сиыр еті мен сиыр етінен қосымша өнімдер
(сиыр бауыры тұтасымен және кесілген, сиыр жүрегі, сиыр етінен жартылай фабрикаттар)

Шошқа еті және шошқа етінен қосымша өнімдер
(шошқа бауыры, «пикник» еті, шошқа етінен жартылай фабрикаттар)

Ет өнімдері
(шұжықшалар, шұжықтар, сарделькалар, ветчина және т.б.)

Өнеркәсіптік өңдеуге арналған ет өнімдері
(механикалық сылынған құс еті, тауық бауыры, құстың өкпе-бауыры, қаңқалары және т.б.)

Балық пен теңіз өнімдері
(май шабақ, арқан балық, хек, скумбрия, ставрида, треска және т.б.)

Біздің клиенттеріміздің жеке тапсырыстары бойынша төмендегі азық-түлік тауарларынан тұратын басқа да топтарды құрамыз:
жұмыртқалар, ірімшіктер, өсімдік және сары май, құмшекер.

SJS USA, Inc. бұл тауарлардың әр алуандығы және жоғары сапалылығы, бағалардың бәсекелестігі мен рынокты білуі, сенімді әрі уақтылы жеткізу кепілдігі.

Біз Сіздерді және Сіздер ұсынып отырған компанияны тікелей, ұзақ мерзімді және өзара тиімді бірлесе қызмет істеу мүмкіндігіне қуана шақырамыз.

ӨНІМДЕР

Құс еті мен қосымша өнімдер
(шауырмаға арналған тауықтар, тауық және үндік сан еті мен қанаты, тауық және үндік жартылай фабрикаттары)

Сиыр еті мен сиыр етінен қосымша өнімдер
(сиыр бауыры тұтасымен және кесілген, сиыр жүрегі, сиыр етінен жартылай фабрикаттар)

Шошқа еті және шошқа етінен қосымша өнімдер
(шошқа бауыры, «пикник» еті, шошқа етінен жартылай фабрикаттар)

Ет өнімдері
(шұжықшалар, шұжықтар, сарделькалар, ветчина және т.б.)

Өнеркәсіптік өңдеуге арналған ет өнімдері
(механикалық сылынған құс еті, тауық бауыры, құстың өкпе-бауыры, қаңқалары және т.б.)

Балық пен теңіз өнімдері
(май шабақ, арқан балық, хек, скумбрия, ставрида, треска және т.б.)

SJS USA, INC.
U.S. Headquarters
311 North Robertson Blvd., Suite 800, Beverly Hills, California 90211 U.S.A.

E-Voice: +1.323.395.0770
E-Fax: +1.323.395.0707